fbpx

KZ

«Қазмедиа орталығы» ғимаратында ҚР ДСМ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК оқу-тренингтік орталығының дәрігер-нұсқаушылары Ғұмырбек Рахымбекұлы Ағыбаев және Болат Құрышұлы Тайбеков шеберлік класын өткізді. Шұғыл медициналық қызметтерде мол тәжірибесі бар жоғары білікті дәрігер-нұсқаушылар өз білімдерімен, дағдыларымен бөлісті.
Бұл іс-шарада біздің жұмыскерлер штаттан тыс жағдайларда дұрыс әрекет ету және мұқтаж адамдарға көмек көрсету туралы білімдерін тереңдете түсті. Практикалық жаттығулар мен сценарийлер тек теорияны меңгеріп қана қоймай, алған білімді тәжірибеде қолданып үйренуге көмектесті.

FaLang translation system by Faboba